Главное меню
Помогите детям
Казахские традиции
Flip.kz
Категории-фотообои
Учебники, самоучители [16]
Словари, переводчики [4]
Аудиоуроки [2]
Обучающие программы [7]
Обучающие мультфильмы [48]
Обучающие игры (для взрослых и детей) [1]
Казахские пословицы [47]
Казахские сказки [93]
Стихи на казахском [110]
Поздравления [17]
Казахские загадки [26]
Қазақша аудио ертегілер (Аудиосказки на казахском) [43]
Қазақша аудио ертегілер (Аудиосказки на казахском)
Книги на казахском [23]
Здесь представлена художественная литература на казахском языке
Детские энциклопедии на казахском [0]
Здесь представлены энциклопедии для детей на казахском языке
Детские песни на казахском - Балалар әндері [15]
Поделиться
Если Вам понравился сайт и Вы считаете его полезным, пожалуйста поделитесь ссылкой на сайт с друзьями и знакомыми!
Новое на сайте


Шымшық 


Ерден Атайдың әні 


Ойлан, тап 
Вход
Статистика
Главная » Статьи » Казахский язык » Казахские сказки

Ертегі: Түлкі мен Бөдене (сказки на казахском языке)

загрузка...

   Түлкі мен бөдене екеуі айрылмас дос болыпты. Екі дос талай жерді шарлапты, талай қызық көріпті. Күндерде бір күні:
-  Досым, мені бір күлдірші, - депті түлкі.
 -  Жарайды, күлдірейін. Сен менің артымнан ер де отыр. Мен ұшамын да отырамын, - депті бөдене. Сонымен бөдене ұшыпты да отырыпты, түлкі желе жортып, еріпті де отырыпты. Бір жерге келсе, бір кемпір сиыр сауып отыр екен, шалы бұзауды ұстап тұр екен. Бөдене ұшып барып, сиыр сауып отырған кемпірдің басына қона кетіпті. Түлкі анадай жерде тығылып қарап тұрыпты. Бөденені көре сала:
 -  Кемпір, кемпір, қозғалма! Мен мына төбеңдегі бөденені соғып алайын,- депті шал.
 -  Жарайды. Бірақ қатты соқпа, - депті кемпір. Шал жерде жатқан күректі алып, салып қалғанда, бөдене ұша жөнеліпті. Күрек кемпірдің басына тиіп, кемпір құлапты. Шелектегі сүті төгіліп қалыпты. Түлкі ішек-сілесі қатып күліпті.
 -  Досым, күлдің бе? - депті бөдене.
 -  Күлдім, досым, күлдім. Разымын, досым, разымын! - депті түлкі. Күндерде бір күні түлкі:
 -  Ал, досым, енді мені бір мықтап тұрып қорқытшы! - депті.
 -  Қатты қорқытайын ба, ашуланбайсың ба? - деп сұрапты бөдене.
 -  Жоқ, ашуланбаймын, қатты қорқыт! - депті түлкі.
 -  Жарайды, қорқытайын. Бірақ сен көзіңді тас қылып жұм. Мен сенің төбеңе қонып, екі қанатыммен көзіңді жабамын. Содан кейін сен жүр де отыр. Оңға десем оңға, солға десем солға жүр. Қашан мен төбеңнен ұшып: «Көзіңді аш!» дегенше, ашпа, - депті бөдене. Сонымен бөдене түлкінің төбесіне қонып, екі қанатымен көзін жауыпты. Түлкі көзін тас қылып жұмып, бөдененің жүр деген бағытына жүріпті де отырыпты. Осылай жүріп келеді, жүріп келеді. Бір кездерде бөдене:
 -  Аш көзіңді! - деп, ұша жөнеліпті. Түлкі көзін ашып жіберсе, тазы ерткен біртоп аңшыға таянып қалған екен. Аңшылар қызыл түлкіні көре сала қиқулап, куыпберіпті.
   Түлкі қашып беріпті. Әрі-бері қашқан соң түлкінің алдынан қалың орман кез болыпты. Түлкі жалт еріп, орманға кіріп, өлдім-талдым деп аңшылардан әзер құтылыпты. Бір кезде бөдене келіп:
   Қалай, досым, қорықтың ба?- деп сұрапты.
-  Қорқыт - қорқыт дегенде осылай қорқыт деп пе едім?! - деп, түлкі бөденені бассалып, жемек болыпты. Бөдене түлкінің аузында тұрып:
 -  Досым! Ұзақ жылдар дос болып, ойнап-күлдік, талай қызық көрдік. Қазір мені жегелі тұрсың. Қайтем, жесең же! Бірақ осы күнге дейін аты-жөнімізді сұрап біліскен емеспіз. Жесең де, атымды айтып есейші, ақырғы тілегім болсын!
 -  Атым Маңғыт, еді - депті бөдене. Түлкі аузын ашып: Маңғыт дей бергенде:
 -  Аузыңа саңғыт! - деп, бөдене ұша жөнеліпті. Осыдан былай түлкі мен бөдене достықтан айрылысыпты.  

Сказка из сборника «Ертегі: Казахские сказки (сказки на казахском языке)»




Источник: ертегі сказки на казахском языке казахские казахский язык для детей
Категория: Казахские сказки | Добавил: admin (29.01.2012) W
Просмотров: 15005 | Теги: сказки на казахском языке, казахский язык для детей, казахские сказки, ертегі | Рейтинг: 0.0/0



Похожие материалы

Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Казахский язык
Английский язык
Реклама
загрузка...
Полезное
Мульфильмы
Друзья сайта
Имена
Поиск

Главная страница

Казахский язык

Английский язык

Полезные программы

Полезные статьи

  Faststart - рейтинг сайтов, каталог интернет ресурсов, счетчик посещаемости

Материалы опубликованы на сайте только для ознакомления. Администрация не несёт ответственности за дальнейшее их использование. На сайте хранятся только ссылки на файлы. Это значит, что мы не храним никаких нелегальных материалов, а также материалов охраняемых авторским правом. Если вы являетесь правообладателем какого либо контента и не желаете его распространения, сообщите нам и нарушение будет устранено.