Загадки на казахском языке (жұмбақ): дорога (жол) — Казахские загадки — Казахский...

Загадки на казахском языке (жұмбақ): дорога (жол) — Казахские загадки — Казахский язык

1427
0

Главная » Статьи » Казахский язык » Казахские загадки


Загадки на казахском языке (жұмбақ): дорога (жол)

загрузка…

Загадки (жұмбақ) на казахском языке

про дорогу и средства передвижения (паром, лодка, мост
и т.д.)

Ұзын терек,
Саясы жоқ.
/Жол/.


Ұзын-ұзын ұз келер,
Ұзын бойлы қыз келер.
/Жол/.

Ұзын-ұзын, ұзын жіп,
Ұшы қайдан табылар?
/Жол/.

Жусаннан аласа, таудан биік.
/Жол/.

Адамзаттың баласы,
Менсіз кәсіп қылмас та,
Басымды мен көтерсем,
Аспан көкке жетермін.
/Қара жол/.

Бір қырман ұп-ұзын қып қойдым шауып,
Помощқа елдің көбін қойдым жауып,
Аспанда бұрқырады,топан ұшты,
Алмады жалғыз дәнді адам тауып.
/Қара жол/.

Бір жолда екеуі жарысады,
Бір-бірінен оза алмай алысады.
/Темір жол/.

Бір заттың салмағы ауыр сансыз тонна,
Ұстаған емес оны ешкім қолға.
Пайдасы барлық заттан артығырақ,
Сәнменен кере тартып жатар жолда.
/Рельс/.

Бір нәрсе өзі жансыз ырғытылып,
Өзінің аяғы жоқ бір мақұлық.
Жаз болса көк шалапты сапырады,
Шөмішін бір шығарып, бір батырып.
/Қайық/.

Тап-тап,тап басқа,
Табаны жалпақ көк қасқа,
Үйірге салсаң кісінемес,
Шөптің басын тістемес.
/Қайық/.

Адам істеп шығарған бір жануар,
Құрғақ жерде жаны жоқ,суда болар,
Жаз болса күні-түні су ішінде,
Бұл не еткен жануар табыңыздар.
/Қайық/.

Белдіксіз, дөңгелексіз күймелі арба,
Қозғасам бара берген жардан жарға.
/Қайық/.

Шапсаң жаңқасы жоқ,
Жүрсең ізі жоқ,
Кессең қаны жоқ.
/Қайық/.

Сойсаң қаны жоқ,
Жеуге еті жоқ.
/Қайық/.

Екі басты белі бар, омыртқа жоқ,
Сүбелік бүйрегі бар, қабыртқа жоқ.
Жүргенде құс табаны жерге тимес,
Бақай, тірсек, толарсақ, тобық та жоқ.
/Қайық/.

Бар екен екі басты бір мақұлық,
Жүреді аяғы жоқ ырғатылып.
Жаз болса сары қымыз сапырулы,
Қасығын бір шығарып,бір батырып.
/Қайық/.

Тоғайда туып, суда өмір сүреді.
/Қайық/.

Тап-тап, табаны ақ,
Табаны жалпақ қоян ақ.
Басып кетсе ізі жоқ,
Бауыздаса қаны жоқ.
/Қайық/.

Тарыға торғай қонса сақпан біледі,
Түлкіні түнде жорытқан қақпан біледі.
Бір жұмбақ мен айтайын сіз тыңдаңыз,
Ат құсап шалқасынан жатқан біледі.
/Қайық/.

Үсті тақтай, асты тақтай,
Балалары ойнайды,
Барып тоқтамай қоймайды.
/Паром/.

Ербегей де сербегей,
Иесіз үйге кірмегей,
Атсыз сірә жүрмегей.
/Арба/.

Басы жоқ төрт аяқты жансыз бір зат,
Құлағы жоқ, көзі жоқ бейне ол ат.
Жүк артсаң белі тағы майыспайды,
Құйрық-жалсыз ол неткен меңіреу зат?
/Арба/.

Қырда ағаш,
Ойда ат.
/Арба/.

Қадамы жоқ ізінің, аяғының,
Созса ұшы жетпейді таяғының.
Екі қолын айуанға артып алып,
Әніне салады екен баяғының.
/Арба/.

Тарақ сияқты ергенек,
Ай сияқты дөңгелек.
/Арбаның дөңгелегі/.

Төрт бала бірін-бірі қуалады.
/Арбаның дөңгелегі/.

Елде артын барлайды,
Жүгірсе артын жарлайды,
Ми айналып қалмайды.
/Арбаның дөңгелегі/.

Болғанда екеу аға, төртеу ала,
Жиырма сегіз екен тапқан бала.
Өзімен ол көп жүкті көшіреді,
Қандайлық мықты болған жүзі қара.
/Арбаның екі жетегі,төрт дөңгелегі,шабақтары/.

Екі таяқ көтердім,
Ортасынан итердім.
/Арба айдау/.

Бір жұмбағым бар, асты қар,
Қадамы жоқ, ізі бар,
Мойнында жібі бар.
/Шана/.

Табаны жалпақ боз жорға,
Тайпалсын десең, сал жолға.
/Шана/.

Тайпаңдайды бүгіліп құла жорға,
Маңызданып аяғын басар зорға.
Неше күн дамыл алмай жүрсе-дағы,
Иіліп жерден шөпті жемес сонда.
/Шана/.

Жол үстінде пөстек,
Оны таппаған естек.
/Көпір/.

Жол үстінде төсек,
Оны таба алмаған есек.
/Көпір.

Жалғаған ел ортасын,
Жатыр тосып арқасын.
/Көпір/.

Источник: жұмбақ загадки на казахском языке дорога жол лодка қайық арба мост көпір

  • 1
  • 2
  • 3
  • 4
  • 5

Категория: Казахские загадки | Добавил: admin (18.02.2012)
W

Просмотров: 11625
| Теги: жұмбақ, мост, қайық, жол, көпір, арба, лодка, дорога, загадки на казахском языке
| Рейтинг: 3.8/4

Похожие материалы

  • Загадки на казахском языке (жұмбақ): небо, солнце, луна, звезды (аспан, күн, ай, жұлдыз)
  • Загадки на казахском языке (жұмбақ): религия (дін)
  • Загадки на казахском языке (жұмбақ): посев, овощи, фрукты (егін, көкөніс, жеміс-жідектер)
  • Загадки на казахском языке (жұмбақ): животные (жануарлар)
  • Загадки на казахском языке (жұмбақ): деньги, счет, торговля (ақша, есеп, сауда)
  • Загадки на казахском языке (жұмбақ): земля, явления природы (жер, табиғат құбылыстары)
  • Загадки на казахском языке (жұмбақ): насекомые (жәндіктер)
  • Загадки на казахском языке (жұмбақ): профессия (кәсіп)
  • Загадки на казахском языке (жұмбақ): юрта и её убранство (киіз үй және оның жабдықтары)
  • Загадки на казахском языке (жұмбақ): оружие, охотничье снаряжение (қару-жарақ, аңшы құралдары)

Всего комментариев: 0

Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]

НЕТ КОММЕНТАРИЕВ

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ