Қадыр МЫРЗАЛИЕВ — Көктем — Стихи на казахском — Казахский язык

Қадыр МЫРЗАЛИЕВ — Көктем — Стихи на казахском — Казахский язык

232
0

Главная » Статьи » Казахский язык » Стихи на казахском


Қадыр МЫРЗАЛИЕВ — Көктем

загрузка…

Көктем

Қарайып жарқабақтар күн ыстаған,
Қырдан қар төмен қарай жылыстаған.
Тосады жалпақ дала күнге жонын,
Денесін жазайық деп құрыстаған.
Жөнкіген көшпелі бұлт бір де тынбай
Ақырын төмендейді қонатындай.
Жеңіл бу жер бауырлап қозғалады,
Қыстың ұшып кететін қанатындай.
Күлімдеп шуақ қонып сан қырына,
Көңілді жатыр дала жаңғырыға.
Табиғат өз перзенті – жас көктемді
Алады шомылдырып жаңбырына.
Ауылдың шығып алып қыр бетіне,
Даланың көзің салшы келбетіне.
Сансыз құс алуан ырғақ, түрлі әуез
Сайрайды жаңа көктем құрметіне.
Құрағы сырын шертіп қоғасына,
Сұлулық бітер көлдің жағасына.
Жаз келіп, көктем жылжып жүре беред
Інідей орын берген ағасына.

Источник: олең, стихи на казахском языке, олендер, Қадыр МЫРЗАЛИЕВ, олен

  • 1
  • 2
  • 3
  • 4
  • 5

Категория: Стихи на казахском | Добавил: admin (01.03.2013)
W

Просмотров: 6776
| Теги: олең, стихи на казахском языке, Қадыр МЫРЗАЛИЕВ, олендер, олен
| Рейтинг: 4.5/2

Похожие материалы

  • Қадыр МЫРЗАЛИЕВ — Бұлбұл мен қожасы
  • Қадыр МЫРЗАЛИЕВ — Қыс
  • Қадыр МЫРЗАЛИЕВ — Бұлт
  • Қадыр МЫРЗАЛИЕВ — Жаңбырдан соң
  • Қадыр МЫРЗАЛИЕВ — Күз
  • Стихи о родном языке на казахском
  • Абай ҚҰНАНБАЙҰЛЫ — Жасымда ғылым бар деп ескермедім
  • Абай ҚҰНАНБАЙҰЛЫ — Әсемпаз болма әрнеге
  • Абай ҚҰНАНБАЙҰЛЫ — Көлеңке басын ұзартып
  • Абай ҚҰНАНБАЙҰЛЫ — Ғылым таппай мақтанба

Всего комментариев: 0

Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]

НЕТ КОММЕНТАРИЕВ

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ