Қадыр МЫРЗАЛИЕВ – Жаңбырдан соң – Стихи на казахском – Казахский...

Қадыр МЫРЗАЛИЕВ – Жаңбырдан соң – Стихи на казахском – Казахский язык

844
0

Главная » Статьи » Казахский язык » Стихи на казахском


Қадыр МЫРЗАЛИЕВ – Жаңбырдан соң

загрузка…

Жаңбырдан соң

Күміс кірпік өткір сәуле жерде ойнар
Шаңқай түсте ысып кеткен күн қайнар
Мазасыз жел кетіп еді жоғалып,
Бір мезгілде алып келді бұлт айдап.
Тына қалды ішін тартып жел енді
Қара жақбыр құйып ала жөнелді.
Ойнап еді бір топ бала ілкіде,
Санын соғып, алақайлап.
Ал, енді
Жаңбырдың мол селдетерін білгесін,
Жүгірісіп үйді-үйіне жиды есін.
Өтті нөсер бөбектерді су-су қып,
Денесіне жабыстырып жейдесін.
Сімірді де тұрған қақты, шалшықты..
Сілкінді бір, сусаған жер тыншықты.
Сахна – аспан, шымылдық – бұлт
Сығалады, нұрын сеуіп күн шықты.
Жұтты гүлдер нөсер суын, шуақты.
Жылғалардан жылжып қана су ақты
Жаңбырдан соң күлімдеді табиғат,
Жақсы баға
Алған бала
Сыяқты.

Источник: олең, стихи на казахском языке, олендер, Қадыр МЫРЗАЛИЕВ, олен

  • 1
  • 2
  • 3
  • 4
  • 5

Категория: Стихи на казахском | Добавил: admin (01.03.2013)
W

Просмотров: 4185
| Теги: олең, стихи на казахском языке, Қадыр МЫРЗАЛИЕВ, олендер, олен
| Рейтинг: 5.0/1

Похожие материалы

  • Қадыр МЫРЗАЛИЕВ – Бұлбұл мен қожасы
  • Қадыр МЫРЗАЛИЕВ – Қыс
  • Қадыр МЫРЗАЛИЕВ – Көктем
  • Қадыр МЫРЗАЛИЕВ – Бұлт
  • Қадыр МЫРЗАЛИЕВ – Күз
  • Стихи о родном языке на казахском
  • Абай ҚҰНАНБАЙҰЛЫ – Жасымда ғылым бар деп ескермедім
  • Абай ҚҰНАНБАЙҰЛЫ – Әсемпаз болма әрнеге
  • Абай ҚҰНАНБАЙҰЛЫ – Көлеңке басын ұзартып
  • Абай ҚҰНАНБАЙҰЛЫ – Ғылым таппай мақтанба

Всего комментариев: 0

Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]

1 Star2 Stars3 Stars4 Stars5 Stars (No Ratings Yet)
Loading...

NO COMMENTS

LEAVE A REPLY