Ахмет БАЙТҰРСЫНОВ – Қарға мен түлкі – Стихи на казахском – Казахский...

Ахмет БАЙТҰРСЫНОВ – Қарға мен түлкі – Стихи на казахском – Казахский язык

2493
0

Главная » Статьи » Казахский язык » Стихи на казахском


Ахмет БАЙТҰРСЫНОВ – Қарға мен түлкі

загрузка…

Қарға мен түлкі

Бір түйір ірімшікті тауып алып,
Ағашқа Қарға қонды ұшып барып.
Тоқ санап ірімшікті көңіліне,
Жей қоймай, отыр еді ойға қалып.
Қашаннан белгілі аңқау ала Қарға,
Нәсіпке бұйырмаған шара бар ма?
Шығатын шығасыға болып себеп,
Ағашты Түлкі залым аралар ма!
Тістеген ірімшігін Түлкі көріп,
Аяғын ептеп басып жақын келіп:
«Уһ! – деді, – Көретін де күн бар екен,
Жүруші ем сырттан асық болып өліп!
Тамаша қарағанға түрің қандай!
Мынау көз, мынау мойын, мұрын қандай!
Гауһардай қанаттарың жарқырайды,
Келісті қалай біткен және маңдай!
Көркемдік сипатыңнан табылғанда,
Даусың да болса керек шырын-балдай!
Көптен-ақ дабысыңды естісем де,
Болған соң келе алмадым жерім шалғай.

Сені іздеп келіп тұрмын алыс жерден,
Сұлу деп мақтаған соң әркім көрген.
«Халық айтса, қалып айтпайды» деген рас,
Арман жоқ жанда сені көріп өлген!

Көркіңді бітіре алман жазып хатқа,
Я сөйлеп жеткізе алман айтып жатқа.
Мен қайран: «Неғып патша қоймаған?» – деп,
Даусың да сипатындай болған шақта!

Нұрынды күн секілді көріп тұрмын,
Шыдамай, бойым балқып, еріп тұрмын.
Даусыңды тым болмаса бір шығаршы,
Естуге құмар болып өліп тұрмын!»

Мәз болып, мақтағанға насаттанып,
Қайтпасын, деп ойлады, сағы сынып.
Алыстан арып-ашып іздеп келген
Байғұстың кетсін деді көңілі тынып.

Өтірік мақтағанға Қарға еріп,
«Қарқ» етті пәрменінше жағын керіп.
Ірімшік «қарқ» еткенде жерге түсіп,
Жеп алып Түлкі кетті жортып-желіп.

Источник: олең, стихи на казахском языке, олендер, Ахмет БАЙТҰРСЫНОВ, олен

  • 1
  • 2
  • 3
  • 4
  • 5

Категория: Стихи на казахском | Добавил: admin (25.02.2013)
W

Просмотров: 7921
| Теги: олең, Ахмет БАЙТҰРСЫНОВ, стихи на казахском языке, олендер, олен
| Рейтинг: 0.0/0

Похожие материалы

  • Ахмет БАЙТҰРСЫНОВ – Оқуға шақыру
  • Ахмет БАЙТҰРСЫНОВ – Қазақ қалпы
  • Ахмет БАЙТҰРСЫНОВ – Қазақ салты
  • Ахмет БАЙТҰРСЫНОВ – Аққу, шортан һәм шаян
  • Ахмет БАЙТҰРСЫНОВ – Бұлбұл мен есек
  • Ахмет БАЙТҰРСЫНОВ – Қартайған арыстан
  • Ахмет БАЙТҰРСЫНОВ – Иттің достығы
  • Стихи о родном языке на казахском
  • Абай ҚҰНАНБАЙҰЛЫ – Жасымда ғылым бар деп ескермедім
  • Абай ҚҰНАНБАЙҰЛЫ – Әсемпаз болма әрнеге

Всего комментариев: 0

Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]

1 Star2 Stars3 Stars4 Stars5 Stars (No Ratings Yet)
Loading...

NO COMMENTS

LEAVE A REPLY