Ахмет БАЙТҰРСЫНОВ — Қазақ қалпы — Стихи на казахском — Казахский язык

Ахмет БАЙТҰРСЫНОВ — Қазақ қалпы — Стихи на казахском — Казахский язык

270
0

Главная » Статьи » Казахский язык » Стихи на казахском


Ахмет БАЙТҰРСЫНОВ — Қазақ қалпы

загрузка…

Қазақ қалпы

Қаз едік қатар ұшып қаңқылдаған,
Сахара көлге қонып салқындаған.
Бір өртке қаудан шыққан душар болып,
Не қалды тәнімізде шарпылмаған?!
Алаштың адамының бәрі мәлім:
Кім қалды таразыға тартылмаған?
Дегендер «мен жақсымын» толып жатыр,
Жақсылық өз басынан артылмаған.

Тықылдап, құр пысықсып сөйлейтін көп,
Екпіндеп, ұшқыр атша қарқындаған.
Бос белбеу, босаң туған бозбала көп
Киіздей шала басып, қарпылмаған.

Еңкеңдеп ет аңдыған шалдар да көп,
Телміріп, бір тойғанын ар қылмаған.
Ақ көңіл, алаң-бұлаң адамдар бар
Есептеп азын көпке, аңқылдаған.

Қайырсыз, неше сараң байлар да бар
Қайықтай толқындағы қалтылдаған.
Бәрінен тыныш ұйықтап жатқандар көп,
Ұмтылып талап ойлап талпынбаған.

Солардың қатарында біз де жүрміз
Мәз болып құр түймеге жарқылдаған.
Не пайда өнерің мен біліміңнен,
Тиісті жерлеріне сарп ұрмаған?

Бұл бір сөз қасірет етіп, хатқа жазған,
Қалмаған түк қасиет, қазақ азған.
Байға мал, оқығанға шен мақсұт боп,
Ойлайтын жұрттың қамын адам аздан.

Источник: олең, стихи на казахском языке, олендер, Ахмет БАЙТҰРСЫНОВ, олен

  • 1
  • 2
  • 3
  • 4
  • 5

Категория: Стихи на казахском | Добавил: admin (25.02.2013)
W

Просмотров: 11618
| Теги: олең, Ахмет БАЙТҰРСЫНОВ, стихи на казахском языке, олендер, олен
| Рейтинг: 0.0/0

Похожие материалы

  • Ахмет БАЙТҰРСЫНОВ — Оқуға шақыру
  • Ахмет БАЙТҰРСЫНОВ — Қазақ салты
  • Ахмет БАЙТҰРСЫНОВ — Аққу, шортан һәм шаян
  • Ахмет БАЙТҰРСЫНОВ — Бұлбұл мен есек
  • Ахмет БАЙТҰРСЫНОВ — Қарға мен түлкі
  • Ахмет БАЙТҰРСЫНОВ — Қартайған арыстан
  • Ахмет БАЙТҰРСЫНОВ — Иттің достығы
  • Стихи о родном языке на казахском
  • Абай ҚҰНАНБАЙҰЛЫ — Жасымда ғылым бар деп ескермедім
  • Абай ҚҰНАНБАЙҰЛЫ — Әсемпаз болма әрнеге

Всего комментариев: 0

Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]

НЕТ КОММЕНТАРИЕВ

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ