Жақан СМАҚОВ — Бес саусақ — Стихи на казахском — Казахский...

Жақан СМАҚОВ — Бес саусақ — Стихи на казахском — Казахский язык

1152
0

Главная » Статьи » Казахский язык » Стихи на казахском


Жақан СМАҚОВ — Бес саусақ

загрузка…

Бес саусақ

Ал санайық санамақ,
Саусақтарға қарап ап
Кәне, кәне, санайық,
Санын біліп алайық?
Біреу, екеу, үшеу, төртеу, бесеу.
Қолымда сонда саусағым нешеу?
Мынау, мынау Басбармақ,
Санамақ содан басталмақ.
Мүйіз қалпақ басында,
Төрт серігі қасында.
Біреу, екеу, үшеу, төртеу, бесеу.
Қолымда сонда саусағым нешеу?
Қутыңдаған Сүк қолым,
Ебетейлі, мықты оным.
Бармақты басты тіреп,
Өзінің ісін біледі!
Біреу, екеу, үшеу, төртеу, бесеу.
Қолымда сонда саусағым нешеу?
Мынау, мынау Ортанқол.
Кішілерге қамқор қол.
Төртеуінің ағасы,
Білектің үлкен баласы.
Біреу, екеу, үшеу, төртеу, бесеу.
Қолымда сонда саусағым нешеу?
«Бәрін тегіс мақтап бол»,
Деп тұрсың ғой, Атжоқ қол
Орайласым – ортаншым.
Елгезексің жортасың.
Біреу, екеу, үшеу, төртеу, бесеу
Қолымда сонда саусағым нешеу?
Саусақтар күшін сынасақ,
Ойнақы, епті Шынашақ.
Еркелеп өскен кенжесі,
Қамқоршы оған өзгесі.
Қолымда сонда саусағым нешеу?
Біреу, екеу, үшеу, төртеу, бесеу.

Источник: олең, стихи на казахском языке, олендер, Жақан СМАҚОВ, олен

  • 1
  • 2
  • 3
  • 4
  • 5

Категория: Стихи на казахском | Добавил: admin (08.03.2013)
W

Просмотров: 6585
| Теги: олең, Жақан СМАҚОВ, стихи на казахском языке, олендер, олен
| Рейтинг: 0.0/0

Похожие материалы

  • Жақан СМАҚОВ — Жау, жаңбыр
  • Жақан СМАҚОВ — Айтшы, әжетай!
  • Жақан СМАҚОВ — Лақ
  • Стихи о родном языке на казахском
  • Абай ҚҰНАНБАЙҰЛЫ — Жасымда ғылым бар деп ескермедім
  • Абай ҚҰНАНБАЙҰЛЫ — Әсемпаз болма әрнеге
  • Абай ҚҰНАНБАЙҰЛЫ — Көлеңке басын ұзартып
  • Абай ҚҰНАНБАЙҰЛЫ — Ғылым таппай мақтанба
  • Абай Кунанбаев — Жаз, Күз, Қыс
  • Абай ҚҰНАНБАЙҰЛЫ — Жазғытұры

Всего комментариев: 0

Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]

НЕТ КОММЕНТАРИЕВ

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ