Главная » Статьи » Казахский язык » Стихи на казахском
Жақан СМАҚОВ — Лақ
загрузка…
Лақ
Үй алдында – «Балбұлақ»,
Өткелі бар жалғыз-ақ,
Тігіп алып құлағын,
Қарғып өтті лағым
Лағым неткен епті еді,
Өткелден құлап кетпеді.
Соңынан мен де секірдім.
Жалп еттім суға, өкіндім
Лағым-ау, лағым –
Бәрібір сені қуамын!
Бір ағашта бес тармақ,
Бес тармақта бес жаңғақ
Өзіңмен бірге еседі,
Өзіңмен бірге төсегі.
Көргенде оны жіп дейсің,
Бірақ киім тікпейсің
Бастауда,
Беткейде
Қос көл бар көлемі оймақтай
Төгіліп
Кетпей ме
Көл сырын ешкімге қойды айтпай
Түпсіз кел – оймақ көл,
Қайда бар, ойлап көр?!
Қара үңгірде қара тас
Жылуы бетті қаратпас
Пернесіз, иексіз
Күйі келсе
Күмбірлеп кетеді
Буынсыз, сүйексіз
Тежеуін білмесе
Етіңнен өтеді
Сүйекке жетеді
Источник: олең, стихи на казахском языке, олендер, Жақан СМАҚОВ, олен
Категория: Стихи на казахском | Добавил: admin (08.03.2013)
W
Просмотров: 4647
| Теги:
| Рейтинг: 0.0/0
Похожие материалы
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]